Білім беру арқылы жұмысшы мамандарды қолдау: Маңғыстау облысында қандай жобалар ашылады

09.01.2025 14:00

Оқу орнында қазіргі таңда студенттер 16 мамандық бойынша білім алып жатыр

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Маңғыстау облысындағы жаңа мамандықтар мен жобалар ашу ісі қолға алынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.

"Осы жыл – ең ауқымды және өзекті мәселелерді шешудің тамаша сәті. Біз іс-шаралар жоспарын әзірледік, оның шеңберінде ІТ-хаб ашу, халықаралық чемпионаттар өткізу, салалық аккредитация алу, жаңа мамандықтарды енгізу және бизнес-стартаптарды дамытуға және бірнеше құзырет орталықтарын құруға бағытталған шешімдер қабылдау жоспарланып отыр. Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың қолдауымен ашылатын орталықтарға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз агрономия, тігін өндірісі, автоскилс сияқты салаларда жаңа құзіреттілік орталықтарын ашуды, сондай-ақ мектеп оқушыларын жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған жобаларға тартуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар өңірдегі су тапшылығына байланысты жұмысымыздың маңызды бөлігіне айналатын су бұру және гидрогеология саласындағы жаңа мамандықтар ашуды қарастырудамыз", — деді Маңғыстау облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жәния Сармурзина.

"Оқу орнында қазіргі таңда студенттер 16 мамандық бойынша білім алуда. Студенттер саны - 1200 адам. Биылдың өзінде жаңа жұмысшы мамандықтарын ашу көзделіп отыр. Мәселен, “Гидрогеология” біздің өңірге су көздеріне байланысты өте қажет мамандық, осы мамандықты ашамыз және өндірістік автоматтандыру бағыты бойынша “Техник-электроншы” мамандығын ашуға лицензия алу жұмысы жүріп жатыр. Қазақ халқының “Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді” деген мәтелі бар. Еңбек арқылы ер болуды, ал ерлікке жету еліміздің тұтастығын бейнелейді. Бұл жалпы Тәуелсіздігімізге қорған болады деген ұғым", — дейді О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің директоры Далабай Бекмағанбетов.

Оқи отырыңыз: Су бұру, гидрогеология, өнеркәсіпті автоматтандыру: Маңғыстау облысында жаңа мамандар даярланады