Жыл соңына дейін ол ең сұранысқа ие қызметтердің басым бөлігін қамтиды
Соңғы жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған азаматтар саны 30%-ға кеміді. Себебі ЭЦҚ рәсімдеу, көлікті алғаш тіркеу, жер учаскелеріне акт беру, жылжымайтын мүлікке кадастрлық паспорт беру сияқты қызметтер алғаш рет онлайн қолжетімді болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның айтуынша, осыған байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының форматы толығымен өзгеруде. Енді олар кезексіз, ашық әрі жайлы кеңістікке трансформациялануда.
«Жалпы аумақтың 70%-ын негізгі бөлігін экспресс-аймақ алады. Онда қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы дербес алуға болады. Сонымен қатар офисте консультант көмек көрсететін сараптамалық және оқыту аймақтары да бар. Алғашқы заманауи офис Жезқазған қаласында ашылды. Кейін цифрлық офистер Түркістан, Астана және Сәтбаев қалаларында жұмысын бастады. Небәрі бірнеше айдың ішінде цифрлық офистер 4 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті»,— деп атап өтті вице-премьер.