Доллардың қымбаттауына байланысты баспана бағасы көтеріле ме

Ведомство басшысы құрылысқа жұмсалатын материалдардың 70 пайызы Қазақстандық өнім екенін айтып, сол себепті мемлекет бұл үйлердің бағасын шектей алады деп сендірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Доллардың қымбаттауы Қазақстандағы үйлердің құнына айтарлықтай әсер етпейді екен. Осылай деген құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мемлекеттік бағдарламалармен беріліп жатқан үйлердің бағасы өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысы құрылысқа жұмсалатын материалдардың 70 пайызы Қазақстандық өнім екенін айтып, сол себепті мемлекет бұл үйлердің бағасын шектей алады деп сендірді. Бірақ басқа санаттағы баспаналардың бағасы нарыққа қарай өзгеруі мүмкін. Министр мұны жоққа шығармайды.

«Бұл нарық, сондықтан ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Меніңше, нарықтың кейбір сегментінде әрине, мұндай өзгерістер болады. Бірақ, бұл нарықтық экономика. Әр сегменттегі пәтерді сатып алатын өз сатып алушысы болады. Мұндай жағдайда қандай да бір тікелей болжам жасау күрделі. Біз мемлекеттің міндетті түрде әлеуметтік баспана бағасын бақылауға бағытталған жұмысына ғана сүйенеміз», -  деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдік алаяқтар тобы ұсталды

 

Новости партнеров