Алматының Жетісу ауданында спартакиада өтті

Іс-шараға 200-ден астам қатысушы жиналып, спорттық шеберліктерін сынға салған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Халықаралық мүгедектер күні. Атаулы күнге орай, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың арасында Алматының Жетісу ауданында спартакиада өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға 200-ден астам қатысушы жиналып, спорттық шеберліктерін сынға салған. Осылайша, денсаулығына байланысты оқшау қалған тұрғындар қоғам өміріне белсене араласып, өз қабілетін шыңдауға мүмкіндік алды. Спорттық доданың соңында барлық қатысушы алғыс хатпен марапатталып, кейбіріне арнайы сыйлық табысталды. Ерекше іс-шара Ten Qogam әлеуметтік орталығының қолдауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сайыстар денсаулығында кінәраты бар азаматтарға қолдау көрсетіп, тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Қоса кетейік, аталған форматтағы спорттық сайысты ұйымдастыру – мүгедек жандардың сұрауымен іске асқан екен.

«Биыл мүгедектігі бар азаматтармен ақылдаса келе салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада өткіздік. Бұл бір жағынан осы кісілердің духын-рухын көтереді», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары  Данияр Әлкебайұлы.

«Мүмкіндігі шектеулі жандар осындай шараларға қатысып дамиды. Сондықтан осындай шаралар көп болса екен. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмайтындай осындай шара ұйымдастыру керек», – деді қала тұрғыны Эльмира Мусралиева.

Оқи отырыңыз: Доллардың қымбаттауына байланысты баспана бағасы көтеріле ме

 

 

 

Новости партнеров