Жұмыс берушілер қазақстандықтарға 4 млрд теңгеден астам ақша қарыз
Жұмыс берушілер қазақстандықтарға 4 млрд теңгеден астам ақша қарыз. Азаматтардың еңбекақысын уақытылы төлемеген 260-тан аса кәсіпорын басшысына айыппұл салынды. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 47 мың жұмысшының құқығын қорғауға күш салған. Еңбек нарығындағы мұндай келеңсіздіктер қалай шешіліп жатыр? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маманы Рахат Әбдірахманов жауап береді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
- 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша мемлекеттің еңбек инспекторлары республикадағы 264 мекеменің 17 000-нан астам жұмысшысына 3,9 млн теңге берешек екені анықталған. Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеру жүргізу нәтижесінде 7000-нан астам өзге де құқықбұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты мемлекеттік еңбек инспекторлары 235 міндетті орындауға жататын ұйғарым шығарып, одан 3,9 млн теңге өндіріп алды, яғни берешектер өтелді. Қазіргі таңда ҚР бойынша барлық мемлекеттік инспектор жұмысының арқасында 31 000-нан астам жұмысшының еңбегі қорғалды, - деді ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Рахат Әбдірахманов.
- Қазір жұмысшылардың құқығы тапталып, тиісті еңбекақысын ала алмай жатқан жағдайды жиі естиміз. Мұндай кезде азаматтар кімге жүгіне алады?
- Қазіргі таңда мемлекеттік еңбек инспекторлары министрліктің қарамағына беріліп, комитет құрылып, оның аумақтық бөлімшелері әрбір облыста шоғырланған. Осыған байланысты жұмысшылар немесе құқығы бұзылған адамдар еңбек инспекциясы департаменттеріне өтінішін айтуға болады. Және мемлекеттік еңбек инспекторлары көптеген еңбек жағдайлары бойынша құқығы бұзылған адамдардың құқығын қорғап жатыр, - деді Рахат Әбдірахманов.
- Қазақстанда жұмысшылардың құқығын қорғайтын қанша еңбек инспекторы бар? Олардың құзыретіне не кіреді?
- Қазіргі таңда мемлекеттік еңбек инспекциясы 20 облыста 20 департамент құрылған. Олардың саны республика бойынша облыстағы еңбек инспекторлары 299 адамды құрайды. Олардың басты міндеті – еңбек құқығын қорғау халықтың және қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, өзге де халықтың өтініші бойынша тиісті өз құзіреті шегінде шара қолдану, - деді Р. Әбдірахманов.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда алмас өндірісіне инвестиция құйған мыңдаған тұрғын алданып қалды