Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында фискалдық саясатты қайта құру бақылауға емес, мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестікке негізделуі тиіс екені атап өтілді. Бұл тәсіл экономикалық теңсіздіктерді азайтып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ энергетика және коммуналдық сектордағы реформаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
«Әділетті тарифтер – оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам. Мемлекет өз кезегінде, шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей қолдау көрсетеді»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруды бастау тапсырылды.
Оқи отырыңыз: Цифрландыру және жасанды интеллект: Алматы әкімі негізгі кәсіпорындардың диспетчерлік қызметінің жұмысын тексерді