Қазақстан негізгі секторлардағы реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр
Қазақстан Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу жөніндегі конференция өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде өткізілген «Қазақстан реформалар толқынында» дөңгелек үстел барысында жаңа бастама көтерді.
Серік Жұманғарин атап өткендей, Қазақстан тұрақты және сапалы экономикалық өсу үшін жағдай жасай отырып, негізгі секторлардағы реформаларды дәйекті түрде жүзеге асыруда.
«Біз инвестициялық базаны кеңейтуге, жаңа өндірісті дамытуға және экспортқа бағдарланған саланы қолдауға арналған проактивті экономикалық өсу стратегиясын жүзеге асырудамыз. Сонымен қатар институционалдық негіз – салық-бюджет саласындағы, корпоративтік сектордағы және инвестициялық саясаттағы реформалар, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту есебінен күшейтілуде», — деді ол.
Оқи отырыңыз: Халықты ауыз сумен қамту: Қазақстанда 1,6 мыңнан астам жоба іске асырылды