Павлодарда әскери қызметші өзіне оқ атып, қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда әскери қызметші өзін өзі атып, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапқан.

— Оқиға кезінде тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп келеді. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің бақылауында, — деп хабарлады ҚР Ішкі істер миниистрлігінің баспасөз қызметінен.

Зардап шеккен әскери қызметшіге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

— 2001 жылы туған науқас Павлодар қалалық № 1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақты. Барлық қажетті емдік шаралар жүргізілуде, — деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Новости партнеров