Қазақстанда кәсіпкерлердің табысы мен жұмыспен қамту көрсеткіші өсті

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,9 пайызға көп

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істейтін бизнестің табысы 19 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, биылғы алты айда олардың кірісі 9,4 триллион теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,9 пайызға көп.

Сонымен қатар кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып, қызметкерлерді жұмысқа ала бастаған. Биыл жұмыспен қамтылғандар саны 509 мың адамға жетті. Жалақыға жұмсалатын қаржы көлемі 7,2 пайызға өскен. Ал жалдамалы жұмысшылары жоқ кәсіпкерлер саны 30,5 пайызға азайған.

– Алғашқы есептілік нәтижелері кәсіпкерлердің табысы мен жұмыспен қамту көрсеткішінің өскенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар жалдамалы жұмысшылары жоқ кәсіпкерлер мен ең төменгі кірісті көрсететін субъектілер саны азайған. Бұл мәліметтер арнайы салық режиміндегі өзгерістердің алғашқы оң нәтижелерін көрсетеді, – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.