Қаржы министрі келер жылы доллар бағамы қанша болатынын айтты

Мәди Тәкиев қосылған құн салығының шекті сомасына да тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылы доллар 540 теңге болады. Қаржы министрі Мәжіліс кулуарында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген мұнай бағасы мен теңге бағамы туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, құжатта қара алтын құны барреліне 60 доллар, ал доллар 540 теңге деңгейінде белгіленген екен. Сондай-ақ ол қосылған құн салығының шекті сомасына да тоқталды. Оның айтуынша, кәсіп иелерінің жылдық айналымы 40 миллион теңгеден асса, қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

«Есептеуіміз бойынша шығындар аса үлкен болмайды. Бұл жағдайдан шығамыз. Бүгінгі күні елімізде екі миллион кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Соның шамамен 1 млн 700 мыңы бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді. Олар – B2C сегментінде және шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер. Қалған бөлігі, яғни 44 қызмет түріне кіретіндер, шекті мәндерден асып кеткендер және жалпыға бірдей салық режимінде жұмыс істейтіндер. Солар басқа режимге өтеді. Сөйтіп, бұл жағдайдың әсерін барынша азайтамыз», - деді ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті

Новости партнеров