Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жұмыстар бүгінде 29 нысанда жүруде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы мен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны» жүзеге асыру туралы баяндады. Оның айтуынша, электр стансаларындағы жөндеу жұмыстарын қаржыландыру биыл 9%-ға ұлғайған. Одан бөлек Ұлттық жоба аясында да қаржы қарастырылған. Кестеге сәйкес биыл 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жұмыстар бүгінде 29 нысанда жүруде. Электр желілерінде 1,2 мың шақырым электр беру желісі, 54 қосалқы станса жөнделді. Жылу желілері бойынша реконсрукциялау және жөндеу жоспары 377 шақырым құрайды. Жұмыстар гидравликалық және температуралық сынақтар аяқталғаннан кейін басталады. Жаңарту жұмыстарының қарқынын қолдау үшін Үкімет резервінен 7 өңірге 25,4 млрд теңге бөлінеді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу, Абай облыстарына қаражат берілді.

«Биыл Ұлттық жоба бойынша жалпы сомасы 626,8 млрд теңгеге 130 шақырым жылу желісін және 10 490 шақырым электр желісін жаңғырту көзделген. Негізгі міндет - желілердегі шығындар мен тозуды азайту, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау»,— деп атап өтті Сұңғат Есімханов.

Келесідей нысандарға ерекше назар аударылып отыр: Риддер қаласындағы ЖЭО-да № 5 және 6 қазандықтарға және жылу желілерінің 12 учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Талдықорғанда жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Семей қаласында ЖЭО-1 мен қазандықтар жөнделді.

Оқи отырыңыз: Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша сегіз ЖЭО тәуекел аймағынан шықты

Новости партнеров