Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі қарқыннан жоғары және соңғы 12 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында жылдың 6 айында ел экономикасы 6,2 пайыз өсім көрсеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
"Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,2% - ға жетті, алғашқы бес аймен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа жеделдеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі қарқыннан жоғары және соңғы 12 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші", - деді ол.
Оның сөзінше нақты сектордағы өсім 8% болып, қызметтер өндірісі 5,2% өскен.
"Негізгі драйверлер – көлік және құрылыс салалары. Сауда жанданып, тау-кен өнеркәсібі 8,4%, өңдеу секторы 5,5%, ауыл шаруашылығы 3,7% өсіп отыр", - деді Серік Жұманғарин.
Оқи отырыңыз: Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны 70%-ға артты