Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/
Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Қор халықаралық нарыққа  шығаруға арналған креативті жобаларды дамыту үшін, түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын конкурс негізінде әзірлеп, іске асыратын болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Үкімет жанынан Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордың негізгі міндеті – дарынды азаматтарды табу және қолдау, жобалар мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтердің экспортын алға жылжыту.

Қор халықаралық нарыққа  шығаруға арналған креативті жобаларды дамыту үшін, түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын конкурс негізінде әзірлеп, іске асыратын болады.

Бұдан бөлек, Сенатта Қорды қаржыландыру тәртібіне қатысты лотерея билеттерінің сатылымынан түскен табыстың кемінде 3%-ын міндетті мүліктік жарна ретінде аудару нормасы қаралуда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда креативті экономика қалай дамып жатыр

Новости партнеров