Халықтың жағдайы экономикалық өсіммен бірге жақсаруы керек - сарапшы Президент сұхбаты жайлы

Президент экономика бағытына жауапты шенділерге онша көңілі толмайтынын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экономист Мақсат Халық бүгін "Ana tili" газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында айтылған маңызды экономика мәселелерге қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Президент сұхбатында бірден көңіл аударған мәселе – экономика бағытына жауапты болып отырған шенділерге онша көңілі толмайтынын айтқаны. Меніңше, осы пікірмен толық келісуге болады. Әсіресе қай өңірде не істеу керек екенін, қандай экономикалық бағыттарға бет бұру қажет екенін, сол бойынша білікті мамандар тарту керек екенін меңзеп отыр.

Президент атап өткен екінші мәселе - 4 пайыздық өсімнің аздық ететіні. Өткен жылы эконмикамыздың өсімі 5 пайыздан астам болған. Биыл өсім 4 пайыз ғана болды. Демек, экономика кейінге шегеріліп барады. Бұл жақсы үдеріс емес. Президенттің 2029 жылға дейін қойған жалпы ішкі өнімді 450 млрд долларға дейін жеткізу межесі бар. Ал дәл мұндай өсіммен ол межеге жете алмайтынымыз түсінікті. Демек, өсімді арттыру керек. Бұл – бір. Ал екінші мәселе – өсіммен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсаруы, өмір сүру сапасы артуы керек, төлем қабілеті, жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіштері жақсаруы керек. Бұлар - өте өзекті мәселе болып отыр. Бізде, өкінішке қарай, экономикалық өсім болғанымен, халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік жағдайы жақсарып жатқан жоқ. Табысы, керісінше, төмендеп жатыр. Осы үдерістер бір-біріне қарама-қайшы екенін атап өткім келеді. Сондықтан егер экономикалық өсім болса, халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсаруы керек. Міне, осы талап қазіргі Үкіметтің алдына қойылатын негізгі талап болуы тиіс деп есептеймін", - деп атап өтті Мақсат Халық.

Осылай деген сарапшы доллардың шарықтауына қатысты да пікір бідірді.

"Жалпы, теңгеміз тек қараша айынан ғана емес, жыл басынан бері құнсыздана бастады. Иә, біз еркін айналым режиміне көшкенбіз. Дей тұрғанмен, бізде өкінішке қарай, Ұлттық қор аударымдары арқылы, Үкіметтің осы секторға жауапты органының қолмен реттеу үдерісі болып жатқанын атап өту керек. Ал бұл үдеріс дұрыс емес, себебі Президент "еркін нарыққа шыққан соң, сол еркін нарықта болу керек" деген ұстанымды ұстанатынын айтты. Және бұл  салада қазіргі кезде Ұлттық банк пен Үкіметтің арасында үлкен келісімдер жүріп жатқанын айтты. Ұлттық банк пен Үкімет инфляциямен күресуге байланысты ортақ шешімін айқындауы керек деп есептеймін", - деді М. Халық. 

Оқи отырыңыз: Президент сұхбатында халықтың тұрмысын жақсарту мәселесі айтылды – Қазыбек Шайх

Новости партнеров