Президент сұхбатында халықтың тұрмысын жақсарту мәселесі айтылды – Қазыбек Шайх

БҰҰ 2025 жылды Халықаралық кооперативтер жылы деп атады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Президент сұхбатында айтылған маңызды мәселелердің бірі – халықтың тұрмысын жақсарту". "НҰХ" "Бәйтерек" АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы, саясаттанушы Қазыбек Шайх осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Президенттің бүгінгі сұхбатында айтылғы ең мағызды мәселелердің бірі – халық тұрмысын жақсарту мәселесі. Өйткені халықтың тұрмысы неғұрлым жақсы болса, соғұрлым қоғам қауіпсіздеу болады. Өйткені көптеген қылмыстың артында нашар әлеуметтік жағдай тұруы мүмкін.

Еліміз тәуелсіздік алғалы отыз жылдың ішінде қаншама қыруар жұмыстар атқарылды. Дегенмен әлі күнге дейін түйіні шешілмеген мәселелер де жетерлік. Былтырғы табиғи апаттар, басқа да қиындықтардың көбі сол шешімін таппай, қордаланып қалған мәселелердің салдары деуге болады. Сондықтан маған ұнағаны – Президенттің халықтың жағдайын жақсарту мақсаты.

БҰҰ 2025 жылды Халықаралық кооперативтер жылы деп атады. Президенттің сайлау бағдарламасының ең маңызды бөлшегі де кооперативтерді дамыту болды. Биыл кооперативтердің ең мағызды жұмысы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталмақ. Бір ғана мемлекетке күш сала бермей, кооператив  арқылы халыққа жағдай жасау керек. Сонда халық өз қиындығын көтере алар еді. Сондықтан Президентке бүкіл халық болып қолдау білдіргеніміз дұрыс", - деді Қ. Шайх

Оқи отырыңыз: "Көпшіліктің көкейіндегі көп сұраққа жауап болды": Сенат депутаты Президенттің сұхбаты туралы

Новости партнеров