Қазақстанда АЭС құрылысының аяқталу мерзімі қашан белгілі болады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетовтің айтуынша, бұл бірнеше факторға байланысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жобасы жалғасуда, алайда құрылыс жұмыстарының нақты мерзімі барлық қажетті құжаттарға қол қойылғаннан кейін ғана нақтыланады, деп хабарлайды Almaty.tv Kazinform-ға сілтеме жасап.

Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов АЭС салу уақыты әр елдің заңнамалық базасына, жобаның техникалық параметрлеріне және жобалық құжаттаманы дайындау кезеңіне байланысты екенін атап өтті.

— Әр елде әртүрлі, бұл олардың заңнамалық моделіне байланысты. Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) бекітілгеннен кейін, орта есеппен АЭС салуға 7–8 жыл қажет болады, — деді Әсет Махамбетов.

Ол бұған дейін құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі ретінде 2035 жыл аталғанын, бірақ түпкілікті мерзім барлық рәсімдер мен құжаттарға қол қойылғаннан кейін түзетілетінін жеткізді.

— Біз бұл мәселені барлық міндеттерді қатар орындау үшін талқылап жатырмыз. Алайда, барлық құжаттарға қол қойылар алдында, нақты мерзімдерімен қоса толық ақпарат беретін боламыз, — деп қосты ол.

Оқи отырыңыз: Аида Балаева көші-қон саясатын жетілдіру жайын баяндады

Новости партнеров