Көмір тапшылығы болмайды - энергетика вице-министрі

Қазақстанда 5,6 млн тонна көмір қоры бар

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Елімізде көмір тапшылығы жоқ, қара отын қоры жеткілікті». Үкіметте өткен брифингте Энергетика министрінің орынбасары Санжар Жәркешев осылай деп сендірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, ведомство жылыту кезеңіне дайын. Жалпы қазір республикада 5,6 млн тонна көмір қоры бар екен. Сондай-ақ қыста қиналып қалмас үшін 153 мың тоннаға жуық мазут жиналыпты. Бұл былтырмен салыстырғанда 33 пайызға көп екен.

Вице-министр көмірдің бағасына да тоқталып, оның әр өңірде әртүрлі екенін айтты.

«Негізінен бағасы 13–16 мың теңге аралығында. Кейбір разрездерде басқа баға туралы естіп жатырмыз. Бірақ өзіңіз білесіз, бұл – дербес нарық. Біз оған реттеу жүргізбейміз. Дегенмен сұраныс пен ұсынысқа қарасақ, бағаның көтерілу қаупін байқап отырған жоқпыз. 20 мың теңге шамасында деген деректер бар, бірақ ол өте сирек жағдай. Көп жағдайда баға 13–16 мың теңге деңгейінде», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов.

Оқи отырыңыз: Боралдайдағы жер дауы: тұрғындар балалар алаңының орнына үй салынып жатқанын айтады

Новости партнеров