Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті - сарапшы пікірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсіп, Brent маркалы қара алтын құны бір күннің ішінде 13 пайызға дейін артты. Сарапшылардың айтуынша, бұл дүниежүзіндегі геосаяси шиеленістің тікелей салдары. Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс мұнай нарығына айтарлық қысым түсіріп тұрған көрінеді. Себебі, бұл өңір –  дәл осы энергия көзі тасымалының маңызды айлағы. Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы өтетін жолдар мұнай экспортының негізгі бөлігі боп саналады. Әлемді алаңдатқан мәселе төңірегінде «Алматы» телеарнасының студия қонағы экономист Мақсат Халық пікір бөліспек.

«Мұнай бағасы қатты құбылып тұр. Егер қарасақ соңғы уақыттарда 60 доллардан 77 долларға дейін өскен. Таяу Шығыста болып жатқан жағдайдың әсері. Нақты айтатын болсақ,  Иран мен Израильдің арасындағы қақтығыс –негізгі әсерін тигізіп отырған фактор. Соңғы мәліметтерде Иран тіпті Ормуз бұғазын бұғаттаймыз деген сөзді де айтып отыр. Белгілі бір дәрежеде осы мұнай бағасының шарықтауына ықпалын тигізіп отыр. Бұл жағдайлар Трампқа ұнап отырған жоқ. Ол дереу өзінің мұнай компарияларына көптеп мұнай өндіруді табыстап отыр».

– Мақсат мырза, сарапшы ретінде болжамыңызды білсек, өсім қанша уақытқа созылуы мүмкін?

«Өте маңызды сұрақ. Таяу Шығыстағы жағдайдың қалай өрбитініне байланысты деп айтуға болады. Егер жағдай одан әрі шиеленісетін болса, дәл Иран да осы Американың жасаған соққыларына да  қарымта жауап береміз деп қадам жасайтын болса, мұнай бағасын шарықтатады. Егер Ормуз бұғазын бекітетін болса, ол жерде әлемдегі мұнай  көлемінің 20 пайызы өтеді.  Әлемдегі мұнай бағасының шикізаттың өсуіне алып келеді. Мұның барлығы салдарына егер үңілетін болсақ,шикізат қымбаттаса,  Қытай сияқты шикізат мемлекеттер өздерінің өндіріс көлемін азайтады. Тиісінше, экономикалық бәсеңдеу  пайда болады. Құлдырау, яғни қаржылық дағдарыс орын алуы мүмкін деген болжам бар. Дәл қазіргі уақытта әлемдегі ірі рейтингтік агенттіктер де,  сарапшылардың  ойына үңілетін болсақ, мұнай бағасы шиеленіс жалғаса беретін болса, баррель 100 доллардан да асып жығылуы мүмкін. Мен де сарапшы ретінде пікірді қолдаймын. Геосаяси жағдай қиын жағдайға душар болса,  мұнай бағасын қымбаттайды. Дей тұрғанмен, ең маңыздысы әлемде тыныштық болсын!»

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Азия даму банкі су саласындағы әріптестікті нығайтпақ

Новости партнеров