Қазақстан мен Азия даму банкі су саласындағы әріптестікті нығайтпақ

Министрлік қаржы ұйымына бірнеше жобаның тізімін жолдаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Азия даму банкі су саласындағы әріптестікті нығайтуға ниетті. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қаржы ұйымының өкілдері мұздықтардың еруіне қарсы бірлескен шараларды талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тараптар сондай-ақ еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және қайта жаңғырту жобаларына банктің қатысу мүмкіндігін қарастырды. Министрлік қаржы ұйымына бірнеше жобаның тізімін жолдаған. Келесі айда банк сарапшылары Қазақстанға келіп, ұсынылған бастамаларды жан-жақты талдайтын болады.

«Су кодексінің негізгі ережелерін іске асыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.  Бұл бағытта нормативтік-құқықтық актілер дайындалуда. Су саласын дамыту бойынша кешенді жоспар бар. Онда әр жылға және әр өңірге қандай жұмыс жоспарланғаны нақты көрсетілген. Бүгінде кешенді жоспар аясында жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оқи отырыңыз: Жаз мезгілінде қанша су ішкен дұрыс

Новости партнеров