Отандық аграршыларды қолдау: фермерлер 8,6 мың жаңа техникамен қамтамасыз етілді
Қазақстанда фермерлерге 665 млрд теңге арзандатылған кредит берілді
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешеннің 5,8 мыңға жуық субъектісі жалпы сомасы 665 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл туралы сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, бұған дейін бөлінген қаржыландыру аграршыларға техниканы дайындауға, қажетті материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуға және маусымдық жұмыстарды оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік берді.
«Келесі науқанға алдын ала дайындалу үшін қазан айынан бастап 2027 жылғы егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру механизмі жалғасады», — деп атап өтті Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Бұдан бөлек, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша жалпы құны 288 млрд теңгеге 8,6 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы берілді. Фермерлердің кредит ресурстарына қолжетімділігін кеңейту үшін «Даму» қоры желісі бойынша кепіл базасы жеткіліксіз шаруашылықтарға заем сомасының 85%-ы мөлшерінде кепілдік беру механизмі жұмыс істейді. Қаржыландырудың және өнімді кепілді өткізуді қамтамасыз етудің қосымша құралы ретінде форвардтық сатып алу қызмет етеді: ағымдағы жылы келісімшарт негізінде шамамен 32 млрд теңге сомасына 480 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатып алынды.
Оқи отырыңыз: Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету кезінде тұрғындардың ұсынысы ескерілді