Үздіксіз логистика: жаңа өнімді тасымалдайтын теміржол паркі кеңейтілді

UKIMET
UKIMET

Қазақстанда астық тасымалы 13%-ға өсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз логистикамен және тасымалдаумен қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жаңа өнімді тасымалдау үшін қажетті вагондар мен локомотивтер дайындалды. Қазіргі уақытта 16,9 мың астық тасығыш, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда парк көлемі ұлғайтылды. Қолда бар жылжымалы құрам астық тасымалын толық көлемде қамтамасыз етуге жеткілікті, ал қажет болған жағдайда тасымалдау көлемін арттыруға қосымша мүмкіндіктер де бар», — деп баяндады Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов.

Вице-министрдің ақпаратынша, ағымдағы жылдың 8 айында теміржол көлігімен 9,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Осы көлемнің 7,2 млн тоннасы экспортқа бағытталса, ел ішінде 2,1 млн тонна астық тасымалданды. Өсім мына бағыттар бойынша тіркелді:

  • Орталық Азия елдеріне — 37%-ға,
  • Қытайға — 34%-ға,
  • Ресей порттары арқылы — 9%-ға,
  • Ауғанстанға тасымалдау көлемі 4,4 есе өсіп, 655 мың тоннаға жетті.

Оқи отырыңыз: Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету кезінде тұрғындардың ұсынысы ескерілді