Министрлік әлеуетті ЖІӨ-нің есептеу әдістемесін бекітті

Depositphotos.com
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету және макроэкономикалық талдауды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуетті жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеудің әдістемесін бекітті, деп хабарлайды Аlmaty.tv  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ықтимал ЖІӨ өндірістік факторды толықтай пайдалану және инфляциялық қысым болмаған кездегі экономикадағы мүмкін болатын ең жоғары өндіріс көлемін анықтайды.

Бұл көрсеткішті есептеу Қазақстандағы экономикалық өсудің табиғи шегін және оның нақты мәннен қаншалықты жоғары немесе төмен екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістеме болашақтағы ЖІӨ-ні есептеудің халықаралық тәжірибесін ескеріп отыр. Бұл ретте жұмыспен қамтудың артуы, инвестиция мен негізгі капиталдың өсуі, сондай-ақ технологиялық прогресс (жиынтық факторлық өнімділік) сияқты факторлардың экономикалық өсуге қосатын үлесі бағамдалып, әлемдік тәжірибеде кең тараған Кобб-Дуглас өндірістік фукнциясы қолданылған.
Есептеу үшін Ұлттық статистика бюросының ресми деректері пайдаланылады.

Ықтимал ЖІӨ-ні бағалауды тоқсан сайын жүзеге асыру жоспарлануда.

Нәтиже экономикалық өсудің сапасын бағалау және экономикалық цикл фазасын анықтау үшін талдамалық мақсатта пайдаланылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Новости партнеров