Қазақстанда 2027 жылғы егінге тұқым қоры 90%-ға қамтамасыз етілді
Егін жинау науқанымен қатар Қазақстанда келесі жылдың өніміне негіз қалау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2027 жылдың өніміне қажеттілік 2,3 млн тонна тұқымды құрайды. Бүгінгі таңда әкімдіктердің мәліметінше, 2 млн тонна немесе қажеттіліктің 90%-ы құйылды», — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Бұдан бөлек, тыңайтқыштар енгізе отырып, сүдір жырту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылға арналған жоспар 2,3 млн тоннаны құрайды, оның бүгінгі күнге 2,1 млн тоннасы немесе ғылыми норманың 66%-ы енгізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна немесе 58%-ы енгізілген болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда топырақтың сапалық құрамына мониторинг жүргізуді және өнімділікті болжауды қамтамасыз ететін Жер ресурстарын басқарудың ақпараттық жүйесін іске қосу үшін барлық ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру аяқталды.
Оқи отырыңыз: Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету кезінде тұрғындардың ұсынысы ескерілді