Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 4,73 пайызға өсіп, 76,7 долларға жетті
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76 доллардан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Лондон ICE биржасында Астана уақытымен сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 4,73 пайызға өсіп, 76,7 долларға жетті.
WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 4,66 пайызға өсіп, барреліне 73,53 долларға жетті.
Мұнай бағасы өсуіне геосаяси ахуал әсер етті: Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс, сондай-ақ, Ормуз бұғазының жабылу қаупі. IEA (халықаралық энергетикалық агенттік) мұнай қоры жетілікті екенін хабарлағанымен, қазіргі ахуал мұнай бағасы өсуіне себеп болды.
Оқи отырыңыз: Іле-Алатауы табиғи паркінің аумағындағы фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар түсіп қалды