Іле-Алатауы табиғи паркінің аумағындағы фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар түсіп қалды

стоп кадр
стоп кадр

Аталған бейнематериалдар жануарлардың табиғи ортадағы қозғалысын тіркеп, олардың тіршілік әрекетін бақылауға мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзақтар арқылы сирек кездесетін жануарлар бейнетіркеуге алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы табиғи парктің Instagram парақшасынан мәлім болды.

Онда Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында сүтқоректілердің 48 түрі мекендейтіні айтылған. Олардың алтауы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Жабайы табиғатты бақылау үшін орман алқаптарына орнатылған фототұзақтар келесі ерекше сәттерді тіркеді:

Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюының үш дарасы,Түркістан сілеусіні,марал,сібір елігі.

Аталған бейнематериалдар жануарлардың табиғи ортадағы қозғалысын тіркеп, олардың тіршілік әрекетін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл – еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау бағытында жүргізіліп жатқан маңызды ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан қажылары елге оралды

 

Новости партнеров