Олжас Бектенов жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

primeminister.kz
primeminister.kz

Премьер-министр жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өте маңызды мәселе екенін атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жасанды интеллектіні одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер қорының қолжетімділігі бойынша бірыңғай тәсілдер әзірлеуге ерекше назар аударды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

 Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ақпараттардың дер кезінде беріліп, өзекті әрі дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін деректерді жинау, сақтау және қорғау жұмыстарын регламенттеу тапсырылды.
 
 Премьер-министр жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

 «Дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану арқылы қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік мәселесі және этикалық нормалар қамтылуға тиіс. Ол үшін тиісті заңнамалық шаралар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізіп, іске асырып жатқан өндіріс орындар қолдаудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды.

Новости партнеров