Отандық бизнес өкілдері қаланы дамытудың бел ортасында жүруі қажет - Тоқаев

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент отандық бизнес өкілдері қаланы дамытудың бел ортасында жүруі қажет екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.        

"Маған бүгінде 50-ден астам инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталғаны жөнінде мәлімдеді. Жалпы көлемі екі триллион теңгеге жуық қаржы құйылған бастамалар аясында 50 мыңнан аса жұмыс орны ашылады.  Алдағы бір-екі жыл ішінде басым салаларға инвесторлар тарта отырып, аталған портфельді кеңейте түсуіміз керек. Әсіресе, отандық бизнесті ынталандыруға баса назар аударылғаны жөн. Бизнес өкілдері сырттан бақылаушы болмай, қаланы дамытудың бел ортасында жүруі қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұның маңызы зор. Өйткені, Шэньчжэнь секілді қалалардың тәжірибесі алғашқы онжылдықта шаһардың өркендеуіне жұмсалған инвестицияның басым бөлігін сыртқы емес, ішкі салымдар құрағанын көрсетіп отыр.

"Шэньчжэнь, Хайнань, Дубай, Сингапур сияқты қалалардың бәрінде мемлекет алғашқы инвестор ретінде базалық инфрақұрылым қалыптастырып берді. Осылайша, бизнесте тәуекел азайып, тиісті жағдай жасалатын орнықты инвестициялық цикл іске қосылды", - деді Президент.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Арнайы мәртебесі бар қалалар капитал үшін батыл бәсекеге түсуі керек

Новости партнеров