Мемлекеттік сатып алудағы реформа нарықты алақол қатысушылардан тазарту жолындағы маңызды қадам болды
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы отандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 2024 жылмен салыстырғанда 23%-ға өсіп, 460 млрд теңгеге жетті. Мұндай өсім мақсатты мемлекеттік қолдаудың жергілікті өнімге деген сұранысты ынталандырып, қазақстандық компаниялар үшін тапсырыстар көлемін тікелей арттырып отырғанын айқын көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алудағы реформа нарықты алақол қатысушылардан тазарту жолындағы маңызды қадам болды. Оның негізгі мақсаты – барлық компания үшін тең және ашық жағдай қалыптастыру, яғни құжаттармен айла-шарғы жасайтын немесе күмәнді беделге ие тұлғалар емес, сапасы мен бағасы тиімді ұсыныс берген қатысушылардың жеңіске жетуін қамтамасыз ету. Ең алдымен, мердігерлердің жұмыс тәжірибесін растауға қойылатын талаптар күшейтілді. Жалған немесе бұрыс мәліметтерді іріктеп алып тастауға мүмкіндік беретін қатаң тексеру критерийлері енгізілді.
Реформаның маңызды элементтерінің бірі – нарық қатысушыларының жауапкершілігін күшейту. Заңға сәйкес сенімсіз жеткізушілерге қатысты автоматты санкциялар енгізілді. Бұған дейін жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген компаниялар жаңа өтінімдер берген кезде конкурстық бағалау барысында автоматты түрде ұпай жоғалтатын.
Осылайша, жүйе адал емес қатысушыларға қатысты қосарланған тосқауыл қалыптастырды: бір жағынан, жалған мәлімет ұсыну мүмкіндігі күрделенді, екінші жағынан – жол берілген заңбұзушылықтар үшін тұрақты қаржылық және іскерлік беделге қатысты жауапкершілік енгізілді.
«Реформа мемлекеттік сатып алу саласындағы адал емес қатысушыларға қосарланған тосқауыл қалыптастырды. Бір жағынан, жалған мәлімет ұсыну мүмкіндігі күрделене түсті, екінші жағынан, бұған дейін заңбұзушылыққа жол берген тұлғалар үшін тұрақты қаржылық жауапкершілік енгізілді. Осылайша мемлекеттік сатып алуға жауапты қатысу мәдениеті қалыптасып, онда іскерлік бедел мен адалдық мемлекеттік сатып алуға қатысудың негізгі факторына айналуда», — деп атап өтті Дәурен Кеңбейіл.
Сенімді арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алуға қоғамдық мониторинг енгізіліп, барлық рәсім жаңа Бірыңғай сатып алу платформасына шоғырландырылды. Шағымдану тәртібі жеңілдетілді, осы ретте шағым беру сатып алу процесін тоқтатпайды. Бұл шаралар шағымдардың жалпы санын 23%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.
Оқи отырыңыз: Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға артты