Отандық өндірушілерден сатып алу 1,5 есе өсті: 824 млрд теңге үнемделді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Сатып алуды өткізу уақыты 3-6 есеге қысқарды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің отандық бизнесті қолдау және бюджеттік жүйенің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекеттік сатып алу саласында ауқымды реформа жүргізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар жергілікті қамту үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік берді: отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемі 1,5 есеге ұлғайды. Сонымен қатар, айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізілді, нақтырақ айтқанда, 824 млрд теңге үнемделіп, қайта бөлінді.

Жаңа тәсілдер әкімшілік процедураларды да жеңілдетті. Сатып алуды өткізу уақыты 3-6 есеге қысқарды, бұл мемлекеттік органдарға жобаларды тезірек жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Процеске қатысушылар тарапынан шағымдар саны 25%-ға төмендеді.

«Мемлекеттік аудит жүйесі заңбұзушылықтардың алдын алуды күшейтті. Біз 396 млрд теңге көлеміндегі тиімсіз шығыстардың алдын алдық, оның 354 млрд теңгеге қатысты бөлігі қайта түзетілді. Бюджетке онлайн-мониторинг жасау да алаяқтық схемалардың жолын кесуде өзінің тиімділігін көрсетті», — деп атап өтті Мәди Такиев.

Новости партнеров