Цифрландыруға үлкен көңіл бөлінуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Көлік министрлігі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінде теміржол саласында жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асатын 4 ірі жоба іске асырылуда. Олардың қатарында Достық – Мойынты, Алматы қаласының айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз бар. Биыл Алматы қаласының айналма теміржолы мен Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдары құрылысы аяқталады. Бұл жүк тасымалы көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді.
Ірі Транскаазақстандық теміржол дәлізі жобасы басталды. Алдағы 5 жылда 16 мың шақырым теміржол салынып, жөнделеді.
Ел бойынша 125 теміржол вокзалы ауқымды жаңғыртудан өтуде. Бұл – абсолютті рекордтық көрсеткіш. Жолаушылар вагондары паркін жаңарту жалғасуда: биылғы жылы парк 175 жаңа вагонмен толығады, оның ішінде 51 бірлік «Штадлер» компаниясының өнімі.
Мультимодальды бағыттар да белсенді дамуда, соның ішінде Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан мен Грузияны жалғайтын Транскаспий көлік дәлізі бар. Осы мақсатта Ақтау және Құрық порттары жаңғыртылуда. Жуырда Қытай тарапымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлік терминал іске қосылды. Сиань қаласында біздің құрғақ порт табысты жұмыс істеуде. Селятино, Свислочь және Будапешт маңында жаңа терминалдар салынуда. Маусым айында Грузияның Поти портында Қазақстанның алғашқы мультимодальды терминалы ашылды.
Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында жаңа жолаушылар терминалдары ашылды, Арқалық әуежайының жұмысы қалпына келтірілуде. Катонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлар салынуда.
Жүк тасымалын арттыру және авиациялық хабтарды дамыту үшін 6 әуежай анықталды.Оларды дамытуға жеке инвестиция тарту жоспарланған. Биыл 36 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылды, 8 шетелдік әуе компаниясы қазақстандық нарыққа кірді. Ішкі бағыттарда 61 маршрут бойынша аптасына 850 рейс орындалады.
Автомобиль жолдарын дамыту да маңызды бағыттардың бірі. Биыл жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарымен 13 мың шақырым жол қамтылды. Орталық-Батыс дәлізі құрылысы басталды. Сондай-ақ Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған учаскелерінде және Сарыағаш, Рудный, Шымкент қалаларының айналма жолдарында құрылыс жүріп жатыр. Қалбатау – Майқапшағай жолы аяқталуға жақын. Жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесін бақылау үшін 2025 жылға дейін 220 автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Президент Жолдауы: автожолдарды жаңғырту, әуежайлар салу және Транскаспий бағыты қалай дамуда