2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,4% өсім көрсетті - Бектенов

Primeminister.kz
Primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр ел экономикасының тұрақты өсім көрсеткенін мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қарау барысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылы ел экономикасы орнықты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Биыл экономикамыз орнықты өсім көрсетіп отыр. 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 6,4%-ды құрады. Жалпы экономикадағы оң көрсеткіштерге қарамастан, сауда, және құрылыс салаларында, сондай-ақ көлік қызметтерінде өсімнің біршама баяулап қалғаны байқалады. Металлургия өнеркәсібіндегі өсу қарқыны да төмендеп кеткенін баса айтқым келеді. Бұл сала – экономиканың негізгі тірегі. Сондықтан оның орнықты дамуын қамтамасыз етіп, өндірістік әлеуетін толық іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау маңызды болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Новости партнеров