Үкімет шетелдік инвестициялар бойынша жаңа көрсеткіштерді жариялады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

2025 жылы жалпы құны 115 млрд АҚШ долларын құрайтын 212 жоба бойынша проблемалық мәселелер шешілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі 58 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, тікелей шетелдік инвестициялар 9 ай ішінде 1,5 млрд АҚШ долларына немесе 10,9%-ға өсіп, 14,9 млрд АҚШ долларын құрады. Ал портфельдік инвестициялар мен несиелік қаражаттарды есепке алғанда, ел экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 58 млрд АҚШ долларынан асты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13%-ға өсіп, 22,7 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар 800 млрд теңгеге ұлғайып, 5 трлн теңгені, ал жекеменшік инвестициялар 2,4 трлн теңгеге артып, 17,7 трлн теңгені құрады.

Инвестициялық штабтың жұмысына ерекше мән беріліп отыр. 2025 жылы жалпы құны 115 млрд АҚШ долларын құрайтын 212 жоба бойынша проблемалық мәселелер шешілген.

Премьер-министр Президент қойған міндеттерге сәйкес инвесторларды тарту жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Инвестициялық жобалар бастапқы кезеңнен бастап құрылысы толық аяқталғанға дейін «жасыл дәліз» қағидаты бойынша сүйемелденеді.

Атап айтқанда, Президент Жарлығымен инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас прокурорға жүктелді. Бұл прокурорлық қадағалау арқылы инвесторларды құқықтық қолдау шараларын күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар «Бәйтерек» холдингі Қазақстанда маңызды жобаларды іске асыруға мүдделі инвесторларды проактивті түрде іздеуді бастады. Инвестиция тартудың сыртқы бағытын күшейту мақсатында инвестициялық әлеуеті жоғары елдерде Kazakh Invest компаниясының шетелдегі өкілдіктері ашылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылып жатқан Алатау Сити қаласы инвестиция тартудың жаңа орталығына айналмақ. Конституциялық заң жобасында бұл қалада ерекше құқықтық режим енгізу, сондай-ақ заманауи басқару мен қала құрылысы нормаларын қолдану көзделген.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа деңгейі: прогрессивті агроэкономикаға көшу басталды

Новости партнеров