Шикізаттан – өндіріске: Елімізде өңдеу өнеркәсібі 18,8 триллион теңгелік өнім шығарды

01.09.2026 15:41

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлерінің бірі – машина жасау саласы

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің үлесі алғаш рет тау-кен секторынан асып түсті, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Оның үлес салмағы 46,7 пайыз. Сектордағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 9 процент өсіп, 18,8 триллион теңгеге жеткен. Қазақстан экономикасында шикізатты экспорттаудан бұрын оны ел ішінде терең өңдеуге басымдық беретін жаңа өндірістік модель қалыптасып келеді. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлерінің бірі – машина жасау саласы.

Жеті айда мұнда 3,2 триллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 22 пайыз болды. Осы кезеңде 96 мыңнан астам автокөлік шығарылған.

Оқи отырыңыз: Алматы прокуратурасы жолдардағы тәртіпті күшейтуді жалғастыруда

Толық көрсету