Түркиялық компания Қазақстанға 160 миллиард теңге инвестиция құяды

29.07.2025 18:07

2018 жылдан бері екі ел арасында 23 инвестициялық жоба қолға алынған

Ақорда

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелері мен уағдаластықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан мен Түркия арасында 2018 жылдан бері 23 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Министрдің мәлімдеуінше, 2018 жылдан бері екі ел арасында 23 инвестициялық жоба қолға алынған, соның 18-і іске қосылды, 5-і іске қосу барысында.

"Қазақстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық жылдан жылға нығайып жатыр. Тауар айналымы 300 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл жұмысты одан әрі күшейтіп жалғастырамыз, өйткені резерв әлі де бар", — деді Айдарбек Сапаров.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық төлқұжат жаңартылды: ескі паспортты ауыстыруы керек пе