Ақтауда ереже бұзған жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданды

29.07.2025 18:24

Жүргізуші полицияның тоқтату туралы бұйрығына бағынбай, бой тасалауға тырысады

Ақтауда ауыр жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші қаланы шулатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өмірзақ ауылындағы өндірістік аймаққа жақын автожолда полицей қызметкерлері DAV маркалы көлікті байқап,тоқтатқан. Алайда жүргізуші полицияның тоқтату туралы бұйрығына бағынбай, бой тасалауға тырысады. Ал соңынан бақылау кезінде ауыр жүк көлігі бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзған. Темір тұлпарын тоқтатпаған ол ақыр соңында ұсталады. Азаматтың Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды. Қашқын наркологиялық орталықтан өтуден бас тартыпты. Қазір күдіктіге қатысты полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, маневр жасап, жол ережелерін бұзу, қарсы бағыттағы жолаққа шығу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылып, іс сотқа жолданды.

«Ақтау қаласы 15 шағынауданы, «Холидей» қонақ үйінің көтерілісінде DAV маркалы жүк автокөлігін тоқтату үшін алдына арнайы кедергі қойылды. Алайда жүргізушісі өзінің бағытынан қайта жалғастырып, Ақтау қаласы 14 шағынауданы, 10- үйдің қапталында тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізуші 1990 жылы туғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды», – деді Патрульдік полиция батальоны бастығының міндетін атқарушы Сержан Түйешиев.

Оқи отырыңыз: БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды