Түркістан облысында 111,1 млн долларлық ет кластері құрылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ет кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды
Түркістан облысы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтіп, агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобаны жүзеге асыруға кіріседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ет кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды.
Жобаның жоспарланған инвестиция көлемі 111,1 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға тың серпін беруге бағытталған. Ет кластерін құру ауыл шаруашылығының өндірістік әлеуетін арттыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және өңір экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық форум аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бірқатар ірі инвесторлармен де келіссөздер жүргізеді. Кездесулерде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, жаңа жобаларды іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту мәселелері қарастырылады.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа өндірістерді орналастыру және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Ірі инвесторлармен байланыс орнату өңірдің экономикалық әлеуетін іске асыруға және жаңа инвестициялық бастамаларды пысықтауға жол ашады.
Оқи отырыңыз: Интернеттен тауар сатып алғанда, қосымша төлемдерден қалай сақтануға болады