Үкімет басшысы сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025 15:49

Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық ой бөлісті

primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерін бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

«Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің тиімділікке баса назар аудара отырып, басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды», - делінген хабарламада.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Мұнай-газ химиясы: Қазақстанда қандай ірі жобалар іске асып жатыр