Ұлттық қордан балаларға: биыл қанша ақша түседі
Almaty.tv
Ұлттық қордың инвестициялық табысынан бөлінетін ақша негізінен ақпан айында түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Ұлттық қордың былтырғы инвестициялық табысынан Қазақстандағы балалардың шотына биыл түсетін қаражаттың сомасы бүгін белгілі болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шолпанқұлов бұл салаға жауапты орынбасар емеспін дегенді алға тартып нақты қанша сома түсетінін тікелей айта алмады.
«Бүгін Ұлттық банк оны сайтында жариялайды», - деді Сенат кулуарында ол.
Айта кетейік, Ұлттық қордың инфестициялық кірісінің 50 пайызы Қазақстандағы бүкіл балаларға тең бөлініп, жыл сайын олардың есепшотына түсіп отырады.
Дереккөз: Azattyq Rýhy.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00