Ұлттық валютаның нығаюы инфляцияға қалай ықпал етеді - маманның пікірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Доллар күн санап арзандап, теңге біртіндеп нығайып келеді. Валюта айырбастау пунктерінде баға күн сайын құбылып тұр.

Валюта бағамындағы өзгерістердің экономикаға әсерін «Алматы» телеарнасының студия қонағы экономист Сапарбай Жобаев айтып береді.  

- Сапарбай мырза, ұлттық валютаның нығаюы инфляцияға қалай ықпал етеді?

«Ұлттық валютамыздың инфляциясы бағалардың өсуі негізінен сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Ал жаңағы доллардың сәл құнсызданып, теңгенің күшеюі макроэкономикалық өсуімізге жақсы әсер еткенімен, экспорттаушы кәсіпорындар үшін оншалықты тиімді емес. Сондықтан бізде импорт көбейіп кетуі мүмкін. Ал инфляция импорт арқылы келеді. Сондықтан да импорттың көлемі көбейгені инфляцияға әсер етуі бек мүмкін. Ал бірақ негізгі бағаның өсуі, инфляцияның өсуі бұл – сұраныс пен ұсыныстан.

Сұраныс неге көбейіп жатыр? Себебі әр жылы жоғарғы биліктегі қызметкердердің, яғни, мемлекеттік, квазимемлекеттік кәсіпорындардың жалақылары 10 пайыз индексацияланады, сол инфляцияны көтеріп жа»ыр".

-  Алдағы уақытта курс қалай құбылуы мүмкін? Доллар қайта шарықтап кетпей ме? Болжамыңыз қандай?

«Доллар мен теңгенің бағымы тұрақты болып тұруы керек еді, геосаяси жағдайдың әсерінен, доллардың бағымы түсіп жатыр. Ал теңгені кәсіпорындар және халық экономикаға емес, банктерге депозитке салып қойғанбыз. Неге? Себебі Ұлттық банк негізгі мөлшерлемені 18 пайызға көтергеннен кейін халықтың, кәсіпорындардың ақшасы 20 пайыздық депозитте банктерде жатыр. Сондықтан ол бағамның тұрақты болуына әсер етеді. Бірақ ертең доллардың бағасы сәл төменге түсіп, жаз кезінде сұраныс көбейсе, Ұлттық банк экспорттарды, экспорттаушы кәсіпорындарды ынталандыру үшін жазға дейін бір долларды  470-тен 520, 525 теңгеге көтеру керек. Бұны Ұлттық банк реттей алады. Неге? Себебі бүгінгі күнде мәселе ұн экспорттаушы 1 миллион долларға экспорттаса, кеше ғана өткен жылы 520-530 миллион алған болса, қазір ол 470-475 миллион ғана алып тұр. Яғни, экспорттаушыны ынталандырмайды. Ал Қазақстан экспорттаушы мемлекет, дамушы мемлекет болғаннан кейін, қаржыгерлердің ұсынысы Ұлттық банк 1 теңгені  520-525 дәрежесінде ұстап тұруы керек».

Оқи отырыңыз: Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді

Новости партнеров