Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұған дейін бұл мәселе жобалық кеңсенің 9 отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша қосымша талдау туралы шешім қабылданған еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 11-ші отырысы бұрған дейін қосымша пысықтауға жолданған мәселелерді қарауға арналды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Бірінші мәселе «Электр қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС үшін шот-фактураларды жазып беру мерзімін қайта қарауға қатысты болды. Бұған дейін бұл мәселе жобалық кеңсенің 9 отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша қосымша талдау туралы шешім қабылданған еді.

Мерзімдерді өзгерту қажеттілігі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс ерекшелігіне байланысты болып отыр: тұтыну туралы нақты дерек пен есептік көрсеткіш есептік айдан кейінгі айдың 20-сынан кейін ғана қалыптасып, қолжетімді болады.

Осыған байланысты нарық қатысушылары алдымен құжаттарды күні бұрынғы мәліметтер бойынша ұсынуға, кейін нақты мәні белгілі болғанда қайта түзетуге мәжбүр.

2026 жылдан бастап түзетілген электронды шот-фактураны алушы тараптың міндетті түрде растауы талап етілетіндіктен, қолданыстағы мерзім құжаттардың дұрыс ресімделуінде тәуекел туғызып отыр.

Осыған байланысты салалық ерекшелікті ескере отырып, ЭШФ-ны жазып беру мерзімін ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Талқылау қорытындысы бойынша мерзімдерді ауыстыру туралы ұсыныс қолдау тапты. Нарық операторы мен Бірыңғай сатып алушы үшін шот-фактураларды жазып берудің жаңа мерзімі есептік айдан кейінгі айдың 27-не дейін деп белгіленді. Тиісті өзгерісті Салық Кодексіне ретроспективті түрде енгізу, яғни 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, отырыста тау-кен-металлургия секторында салық нормаларын, атап айтқанда, кокстелетін көмірге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС) қолдану мәселесі қаралды. Мәселенің күрделілігі мен көпфакторлылығын ескере отырып, келісілген шешімдерді егжей-тегжейлі зерделеу мен әзірлеу үшін оны қарау тағы бір айға ұзартылды.

Оқи отырыңыз: Елімізде курортты өңірлерді дамытудың Жол картасы бекітілді

 

Новости партнеров