Қазақстанда қауіпті өндірістік нысандарды бақылау үшін ЖИ технологиялары қолданылады

02.06.2026 11:30
Depositphotos.com

Цифрландыру аясында Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізу арқылы «е-ТЖМ» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленуде. Жүйеде қауіпті өндірістік нысандарды есепке алу және авариялар мен жарақат алудың деректер банкі көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бизнес-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ объектілердегі қауіп-қатерлерді болжауды жүзеге асыратынын атап өтті.

«Өндірістік нысандарға мониторинг жүргізу мен оларды бақылау жүйелерінің интеграциясы жалғасуда. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 55 шахта мен кен орны тексерілді. Оның ішіндегі 45 объектіде жаңа қауіпсіздік жүйелері орнатылды. Бүгінгі таңда 14 шахта мен кен орнындағы бейнебақылау және позициялау жүйелері Министрліктің Дағдарыс орталығына қосылған, бұл жағдайды бақылап, жедел ден қоюды онлайн режимінде жүзеге асыру мүмкіндік береді», — деді Шыңғыс Әрінов.