Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің тиімділігін арттыру және оны мемлекеттік сатып алуларда қолдану аясын кеңейту қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.
«Нақты қолдау тетігін, сондай-ақ тауарлардың шығу тегінің ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін осы жылдың басынан бастап Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылды. Оның көмегімен 70 мыңнан астам тауар позициясы бойынша 2700-ге жуық өндірушінің қызметі расталды. Бұл тетік құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында ғана емес, жеңілдікпен қаржыландыру алу кезінде де белсенді қолданылуы тиіс еді. Сол үшін мемлекеттік сатып алу аясында тек отандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлар тізбесін кеңейттік»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, тоғыз айдың қорытындысы бойынша жасалған шарттардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға төмендегені баса айтылды. Премьер-министр кәсіпорындардан өз мәртебесін растау рәсімдерінінің созылып жатқаны туралы шағымдар үнемі түсетінін атап өтті. Бұл сатып алу саласында және тізілім жұмысында бірқатар мәселелердің бар екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында орасан зор резервтер бар. Бұл ретте қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың отандық кәсіпорындардан тауар сатып алу көрсеткіші небәрі 17%-ды құрады.
Премьер-министр жағдайды жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтіп, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне: