Қазақстанда жаңартылған eGov 3.0 порталы жұмысын бастады

egov.kz
egov.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда QazTech бірыңғай платформасы негізінде әзірленген жаңғыртылған eGov 3.0 порталы іске қосылды. Жаңарту мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыруға, артық талаптарды алып тастауға және инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жаңа портал қызметтерді пайдаланушылар үшін барынша қарапайым әрі ыңғайлы етуге бағытталған.

«eGov порталы өзінің технологиялық мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеді. Осыған байланысты жақында QazTech платформасында әзірленген жаңа eGov 3.0 порталы іске қосылды. Мемлекеттік қызметтер барынша жеңілдетіліп, пайдаланушылар үшін ыңғайлы бола түсуде. Артық талаптар мен қажетсіз қадамдар алынып тасталады. Ең сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі қазірдің өзінде жаңа форматта қолжетімді», — деді Жаслан Мадиев.

Бүгінгі таңда ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі жаңа форматқа көшіріліп, азаматтарға жаңартылған платформада қолжетімді болып отыр.