Көлік министрлігінде Құрылтай Комитетінің көлік саласын дамыту мәселелері жөніндегі көшпелі отырысы өтті

пресс-служба Минтранспорта РК
пресс-служба Минтранспорта РК

Ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары ірі автожол жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің «Көлік саласының қазіргі жай-күйі және дамуы» тақырыбында көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Отырысқа Комитет төрағасы мен мүшелері, Көлік министрлігінің басшылығы, ведомствоға қарасты ұйымдар мен салалық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Көлік министрлігінің басшылығы жол желісін және автомобиль көлігі саласын дамыту мен жаңғырту жөніндегі ақпараттармен бөлісті. Автомобиль жолдарының сапасына ерекше назар аударылды және көліктік бақылау жүйесін жетілдіру, қауіпсіздікті және өңірлердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне жеке тоқталды.

Отырыс барысында Көлік министрлігінің «Цифрлық үкімет» аясында іске асырып жатқан цифрлық шешімдері таныстырылды. Қатысушылар ведомство қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдану барысымен де танысты.

Ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары ірі автожол жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ жол саласын дамытуға арналған ғылыми-технологиялық шешімдерге, сапаны бақылауға және саланың ғылыми базасын нығайтуға арналған жеке блок ұсынылды.

Салалық кәсіпорындардың өкілдері заманауи бейнебақылау жүйелері мен жүк тасымалдарын цифрландыруға арналған шешімдерді, оның ішінде Smart Cargo платформасын таныстырды.

Көшпелі отырыс көлік саласының қазіргі жай-күйін, негізгі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын, жол желісін дамытуды, цифрландыруды және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде инвестициялық модель қалай өзгеруде