Елімізде доллар бағамы неге қымбаттап жатыр

Алматыда АҚШ валютасының сату бағасы 491-493 теңгеге тең

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Доллар бағасы өсіп келеді. Елдегі айырбастау орындарында доллар 491-495 теңге аралығында саудаланса, орта есеппен алғанда 491 теңгеден сатып алынып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қалаларға тоқталсақ, Алматыда АҚШ валютасының сату бағасы – 491-493, ал Астанада – 493 теңгеге, сатып алу бағасы – 488 теңгеге тең. Өсім кеше байқалды. Бұған дейін доллар құны – 486-487 теңге болатын.  

«Девальвация болуы үшін оған нақты негіз қажет. Биыл біздегі экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп болғанын білесіздер. Ал импорт мөлшері төмендеді. Бір сөзбен айтқанда, сауда теңгерімі тұрақты деңгейде. Сол себепті де, қазір девальвация болатындай қауіп жоқ», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10 қазанда доллар, еуро мен юань қанша теңгеден сатылып жатыр

Новости партнеров