Жапониямен туризмді дамыту: Президент Орталық Азия елдері үшін визаны жеңілдетуді ұсынды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Орталық Азия үшін бірыңғай туристік маршрут әзірлеу ұсынылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөйлеген сөзінде бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету мәселелеріне тоқтала келе, Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін.

Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс. Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады.

Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын. «Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Жапониямен жасанды интеллект саласындағы жаңа серіктестікті кеңейтпек

Новости партнеров