Зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты қандай өзгерістер енуі мүмкін

10.11.2025 21:28

Қазақстандықтар енді зейнетақы қаражатымен ипотеканың пайызын жаба алмайды. Елімізде баспанаға берілетін зейнетақы жинағына қатысты өзгеріс енуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнайы бұйрық әзірлеп, қоғам талқысына шығарды. Ал қолданыстағы нормаға сай, азаматтар зейнетақы жинақтарын негізгі қарызды да, несие бойынша сыйақыны да өтеуге пайдалана алады.

Ведомство неліктен мұндай қадамға барып отыр? Баспанаға несие алушылар үшін не өзгереді?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасы студия қонағы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бас сарапшысы Даубек Керімбаев жауап береді.

 – Даубек Бауыржанұлы, зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша қандай өзгерістер енгізуді ұсынып отырсыздар?

«Бүгінгі күнге министрліктің бастамасымен біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізіліп жатыр. Оны тоқтала кетсек, біріншісі Салық кодексінің негізінде келесі жылдан бастап, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану барысында салық төленбейтін болады. Сонымен қатар, екінші мәселе бүгінгі күнге дейін біржолғы зейнетақы төлемдерінің соммасының бір бөлігі жаңағы екінші деңгейлі банктардың үстемесімен пайыздарына төленсе, екінші бөлігі негізгі қарыз сомасына төленсе, енді біз қазір ұсыныс енгізіп жатырмыз сол біржолғы зейнетақы төлемдерін соммасы толық негізгі қарызды өтейтіндей етіп ұсыныс беріп жатырмыз. Ол қазір қолдау тапқан жағдайда тиісті мемлекеттік органдармен күшіне енетін болады.

– Ұсыныста ипотекалық қарыз алушылар үшін не өзгереді? 

«Ипотекалық қарыз алушылар үшін қазір енгізіп жатқан ұсынысымыз ол мысалға айта кетуге болады Сіздің біржолғы зейнетақы төлемдерінен төленетін соммаңыздың бір бөлігі жаңағы пайызға төленетін болса, егер біздің ұсынған ұсынысымыз қолдау тапқан жағдайда сол сомманың барлығы толыққанда Сіздің бастапқы қарызыңызға төленетін болады. Тиісінше, Сіздің әр ай-сайынғы төленетін төлеміңіздің соммасы немесе төлем мерзімдері қысқаруы мүмкін. Қазір министрлік тарапынан енгізіліп жатқан өзгерістер  біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданушыларға оң және ыңғайлы бөлігінде ұсыныс енгізіп отырмыз. Мен жаңа интернет желісінде бірнеше сайттардан көріп қалдым ол жерлерде халық басқаша түсініп отыр. Біржолғы зейнетақы төлемдерін енді пайыз төлей алмаймыз, пайдалана алмаймыз деген сияқты. Ол тиісінше, біз енгізіп жатқан ұсынысымыз ол халыққа өте ыңғайлы, тиімді және әр ай-сайынғы төлемі қысқарады немесе жаңағы айтқандай мерзімі қысқаратын болады.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысының тұрғындары заңсыз қиыршық тас өндірісіне наразы