Референдумға дейін:
14
күн
10
сағат
56
минут

Жыл басынан бері 60,5 млн тонна мұнай экспортталды

Depositphotos
Depositphotos

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі шамамен 2,3 млн тонна болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қаңтар-қыркүйек айларындағы отын-энергетикалық кешеннің жай-күйін баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2% көрсеткен. Осы жылға жоспар – 96,2 млн тонна.

"9 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 60,5 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 114,9% құрады. 2025 жылғы жоспар – 70,5 млн тонна. Газ саласы туралы тоқталсақ, есепті кезеңде 51,6 млрд текше метр газ өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,7%. Жыл соңына дейін 62,8 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр", – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сондай-ақ, қаңтар-қыркүйек айларында тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 14,3 млрд текше метр болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 100,4% құрады.

"Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі шамамен 2,3 млн тонна болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 101,1%. Ел аумағы арқылы газ транзитінің көлемі – 53 млрд текше метр, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,9% көрсетті", – деді Е.Ақкенженов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғауға бағытталған жаңа заң күшіне енді

 

Новости партнеров