Ауыл шаруашылық жерлерінің карталарын цифрландыруды аяқтады
Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық жерлерінің карталарын цифрландыруды аяқтады. Саланың цифрлангдыруға көшуі туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдағы жылдың негізгі жобаларының бірі ФАО-мен топырақтағы көміртегі құрамын көрсететін карта құру бойынша ынтымақтастық болады. Бұл көміртегі шаруашылығын дамыту және «жасыл» инвестицияларды тарту үшін қажет.
«Біз сондай-ақ саланың жағдайын талдау үшін жасанды интеллект пен Big Data енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Цифрлық деректер фермерлерге сапалы шешімдер қабылдауға, ал мемлекетке – субсидиялау, агроқұрылым және жер мониторингінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.
Оқи отырыңыз: Елімізде алғаш рет рекордтық мақта өнімі жиналды