Маусым айында жолы болатын 3 жұлдыз белгісі

03.06.2023 17:19

Оларды жағымды тосынсый күтіп тұр

ua.vesti.news

Жазғы көңіл күй мен ыстық күндерден бөлек кей жұлдыз белгі өкілдерін жағымды тосынсый күтіп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Торпақ (21 сәуір-20 мамыр)

Торпақтар, тағдыр сіздерге бұл айға көптеген жағымды тосынсый дайындап қойды. Жазғы көңіл күйді маусымның алғашқы күндерінен бастап-ақ сезе бастайсыз. Жұлдыздар мансапқа ерекше назар аударуға кеңес береді, себебі бұл салада өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндіктер туады. Егер күш салсаңыз, басшылық пен әріптестеріңізден мақтау естисіз. Өз қалауыңызды айтудан ұялмаңыз.

Бикеш (23 тамыз-22 қыркүйек)

Бұл ай жаңа әсерлерге бай болады. Егер маусым айына демалыс жоспарлап қойған болсаңыз, дұрыс таңдау жасадыңыз. Өміріңіздегі ең керемет демалысты өткізуге дайындалыңыз. Егер бұл айға демалыс жоспарламаған болсаңыз да, жұмыс барысымен немесе отбасылық жағдаймен сапарға шығуыңыз мүмкін. Кез келген орын ауыстыру сізге жағымды әсер етеді. Үйге жаңа идеялармен, өзіңізге деген сеніммен ораласыз. Егер жалғызбасты болсаңыз, бұл айда серігіңізді кездестіру мүмкіндігі жоғары.

Суқұйғыш (20 қаңтар-18 ақпан)

Жұлдыздар Суқұйғыштарға маусым айында тек жағымды нәрселер сыйлайды. Егер қаржылық жағдайыңыз сізді қуантпай жүрсе, ай басында өз жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндіктер туады. Еңбек етуді тоқтатпаңыз.

Оқи отырыңыз: Almaty Dream Party концерті қайта оралды